Тарифтер мен бағалар

 

Хабармалар

 

 

 

 


Құрметті «АҚ Тәртіп» ЖШС қызметтерін тұтынушылар!

 

 

    Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық заңнамасына өзгерістер енгізіліп, қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін ұлғайтылды.
    Осы ретте тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша тариф 1 текше метр үшін - 3 303,9 теңге мөлшерінде өзгеріссіз қалатынын хабарлаймыз.

ҚҚС мөлшерлемесінің 16%-ға дейін өсуіне байланысты көрсетілетін қызметтердің қорытынды құны 1 текше метр тұрмыстық қатты қалдық үшін - 3 832,52 теңгені құрайды

 

 

 

 

 


    VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XVI сессиясының 2024 жылғы 15 сәуірдегі «Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» № 111 шешіміне байланысты 2024 жылдың 01 мамырынан бастап ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге мынадай тарифтер енгізіледі:

 

  1. Айына абаттандырылған және абаттандырылмаған секторлардың 1 тұрғынына халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, кәдеге жаратуға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф – 718,5 теңге, ҚҚС бірге;
  2. 1 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, кәдеге жаратуға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф – 3303,9 теңге, ҚҚС қоспағанда;
  3. Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге және көмуге арналған тариф – 5600 теңге/1 тонна.

 

«АҚ Тәртіп» ЖШС көрсететін қызмет бағаларының анықтамалығы.

 

 

 

 

Тарифтер мен бағалар ( Жүктеу)